Aqbobek Lyceum
Батыс өңірінде теңдесі жоқ, дарынды балаларға арналған IT бағытындағы лицей-интернат
Лицей туралы
Mission | Vision | Values
- Mission: Цифрлық дәуірде жаңалықтар ашуға шабыт береміз
- Vision: Цифрлық технологиялар арқылы білім беретін “Үлкен әлеует” мектебі боламыз
- Values: Сенім. Ұйымшылдық. Құрмет. Жауапкершілік. Адалдық. Табандылық. Ашықтық.
Не үшін «Ақбөбек» лицейі?
«Ақбөбек» лицейі — заманауи білім беру талаптарына толықтай сай, оқушы тұлғасының жан-жақты дамуына жағдай жасайтын білім ордасы. Біз сапалы білім берумен қатар, әр баланың дарыны мен қабілетін ашуға бағытталған жеке тәсілді ұстанамыз.
- Жоғары білім сапасы: пәндерді тереңдетіп оқыту, тәжірибелі ұстаздар құрамы және үздік білім беру әдістемелері
- Цифрлық орта: заманауи технологиялар мен интерактивті платформаларды қолдану арқылы білім беру үрдісі тиімді және қызықты өтеді
- Дарынды балаларды қолдау: олимпиадаларға, ғылыми жобаларға қатысуға бағытталған арнайы бағдарламалар
- Қауіпсіз және қолайлы орта: оқушылардың денсаулығы мен қауіпсіздігі басты назарда
- Тәрбиелеу мен құндылықтар: білім мен тәрбиені ұштастыра отырып, ұлттық рухы биік, жан-жақты тұлға қалыптастыру
«Ақбөбек» лицейі — балаңыздың табысты болашағының кепілі! Бізбен бірге білім әлеміне сенімді қадам жасаңыз!

Директордың сәлемі
Құрметті ата-аналар, қымбатты оқушылар, «Aqbobek Lyceum» ресми сайтына қош келдіңіз!
Біздің лицейге көрсеткен қызығушылықтарыңызға шын жүректен қуаныштымын. Біз үшін әрбір бала – қайталанбас тұлға. Лицей қабырғасында оқушы өзін қауіпсіз, қолдау мен қамқорлықты сезінетін ортада өсіп-жетіледі. Мұнда әр шәкірттің сенімділігі артып, болашағына нық қадам басуына жағдай жасалады. Біздің басты назарымыз – математика, ағылшын тілі және ақпараттық технологиялар. Өйткені біз болашақтың кілті білімде деп сенеміз. Жоғары білім стандарттарына сай, заманауи әрі сапалы білім беруді басты мақсатымызға айналдырдық. «Aqbobek Lyceum»-нің ең үлкен байлығы – ұлағатты ұстаздар қауымы. Олар шәкірт жүрегіне білім шырағын жағып қана қоймай, батыл шешім қабылдай алатын, жауапты, белсенді көшбасшыларды тәрбиелеуде. Біз ізгілікті істерімізбен мақтанамыз және лицейіміздің әр жетістігі – шәкірттеріміздің табысы деп білеміз.
Қымбатты достар! Біз Сіздермен жақын арада жүздесіп, жаңа білім биіктерін бірге бағындырамыз деп сенемін.
Ізгі ниетпен, Боранғали Д. Қ.
«Aqbobek Lyceum» директоры
Білім Беру
Біздің білім беру бағдарламаларымыз 7-11-сынып оқушыларына арналған және білімнің практикалық қолданылуына баса назар аудара отырып, негізгі пәндерді тереңдетіп оқытуға бағытталған.
Орта Мектеп (7-9 сынып)
Орта буын оқушылары білім берудің мемлекеттік бағдарламасы бойынша оқиды. Бағдарлама оқушылардың жан-жақты дамуына және базалық білім алуына бағытталған. Негізгі оқу бағдарламасына қосымша ретінде сабақ кестесіне төмендегідей сағаттар енгізілген:
- •Ағылшын тілі: аптасына 2 сағат
- •Математика: аптасына 2 сағат
- •Информатика: аптасына 1 сағат
- •Қытай тілі: аптасына 1 сағат (7-сыныптар үшін)
Бұл пәндер оқушыларды IT саласымен ерте таныстырып, логикалық ойлау қабілеті мен практикалық дағдыларын дамытады. Жобалық сабақтарда оқушылар командамен жұмыс істеуді, креативті ойлауды, өз идеяларын жоспарлап, жүзеге асыруды үйренеді.
Жоғары Мектеп (10-11 сынып)
Жоғары сыныптарға арналған оқу бағдарламасы оқушылардың кәсіби және академиялық бағдарын нақтылап, болашаққа мақсатты түрде дайындалуына мүмкіндік береді. Бағдарлама мазмұны қазіргі заман талаптарына сәйкес құрылып, жан-жақты дамуды көздейді.
- •ҰБТ-ге жүйелі дайындық: Оқушылар өз таңдаған бейіндік пәндерін тереңдетіп оқиды. Апталық кестеге ҰБТ-ге бағытталған арнайы сабақтар енгізілген. Бұл сабақтарда тест стратегиялары, уақытты тиімді басқару әдістері үйретіліп, тұрақты түрде практикалық сынақ тесттері ұйымдастырылады.
- •IELTS, SAT халықаралық емтихандарға дайындық:Мектеп бағдарламасы халықаралық стандарттарға бейімделген. Тілге қабілеті жоғары оқушылар үшін IELTS, SAT сияқты емтихандарға дайындық курстары өткізіледі. Академиялық ағылшын тілі тереңдетіліп оқытылып, эссе мен motivational letter жазуға ерекше назар аударылады.
- •Кәсіптік бағдар (Профориентация): Жеке форматта жүргізіліп, әр оқушының жетістіктері мен таңдаған мамандығына сәйкес бағыт беріледі. Профориентатордың қолдауымен оқушылардың шетелдік жоғары оқу орындарына түсу мүмкіндігі артады.
Үйірмелер мен Бірлестіктер
"Ақбөбек" лицейі оқушыларға заман талабына сай білім мен тәжірибе алуға ерекше жағдай жасайды. Бүгінгі таңда лицейімізде IT бағытында келесі 3 тегін үйірмеге тіркелу мүмкіндігі бар:
- •Web-бағдарламалау – Оқушылар HTML, CSS және JavaScript негіздерін меңгеріп, өздерінің алғашқы веб-сайттарын жасайды.
- •Arduino – Робототехника және электроника саласына қызығатындар үшін таптырмас орта. Оқушылар датчиктер мен микроконтроллерлерді қолдана отырып, түрлі жобалар жасайды.
- •3D-модельдеу – Заманауи графикамен жұмыс істеуді, үш өлшемді нысандарды жобалап, оларды 3D-принтерде басып шығаруды үйренеді.
Бұдан бөлек, лицейде шығармашылық пен әлеуметтік белсенділікке арналған 🎨Art Club және 🤝“Şyraq” волонтерлар қозғалысы жұмыс істейді.
Мұғалімдер мен Кураторлар
Біздің команда – өз ісіне адал, шәкірт тәрбиелеуге құштар, тәжірибелі ұстаздардан құралған. Әр мұғалім тек білім беріп қана қоймай, оқушының тұлғалық дамуына да үлес қосады.

Бактыгулов Аманжол Идиресович
Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі, педагог-зерттеуші
2019–2025 жылдары облыстық және өңірлік деңгейдегі байқаулар мен олимпиадаларда бірнеше рет І орын және «Бас жүлде» иеленген (соның ішінде 2024 ж. «Педагогикалық конкурс» І орын, 2025 ж. қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері арасындағы олимпиада — «Бас жүлде»).

Назаров Дастан Самигуллаевич
Химия мұғалімі, педагог-эксперт
SAT, AP Class, МЭСК, ҰБТ, CLIL және PASCO тренері.
“Автомобиль жолдарының құрамындағы бетонның беріктігін арттыратын химиялық қоспа“ өнертабысының авторы.
Химиядан облыс көлеміндегі олимпиадалар женімпазы. Оқушылары химиядан республика көлемінде женімпаздары.

Жадырасын Ернұр Мирасұлы
География мұғалімі, педагогика ғылымдарының магистрі
Географиядан облыс көлеміндегі олимпиадалар женімпазы.
Оқушылары республикалық пәндік олимпиаданың облыстық, республикалық кезеңдерінің жеңімпаздары.
Республикалық зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстар конкурсының жеңімпаздарының жетекшісі, Гран-при, Астана, 2025 жыл

Даулетбаева Сая Сериковна
Математика мұғалімі, математика ғылымдарының магистрі
Математика, физика және информатика мұғалімдеріне арналған VІІ Халықаралық "Impact" олимпиадасының 4 орын иегері. ҚР Білім Министрлігі Математика мұғалімдерінің қауымдастығы ұйымдастыруымен өткен математика пәні мұғалімдеріне арналған Республикалық онлайн шығармашылық байқауының 1 орын иегері.
Лицейге қабылдану
Қабылдау талаптары
Лицейге қабылдау келесі кезеңдер арқылы жүзеге асырылады:
- 1Өтінішті қабылдау бөліміне тапсыру
- 2Математика пәнінен тестілеу – оқушының базалық білімін анықтау
- 3Сұхбат – оқушы және ата-анамен жеке әңгімелесу
- 4Келісім-шарт жасау және оқу ақысын төлеу
Оқу ақысы
Ай сайынғы төлем
150 000 ₸Бұл бағаға мыналар кіреді:
- Негізгі бағдарлама бойынша оқыту
- Қосымша сабақтар (ағылшын, информатика, математика, екінші шет тілі және т.б.)
- Күнделікті тамақтану (таңғы ас, тісбасар, түскі ас, жеңіл ас)
"Ақбөбек" лицейінде дарынды, білімге оқушыларға арналған гранттар мен жеңілдіктер қарастырылған.
Кампус және өмір сүру жағдайлары
Біздің заманауи кампус студенттердің оқуы мен өмір сүруіне қолайлы жағдай жасайды.
Кампус және Жатақхана
- Заманауи кабинеттер интерактивті тақта мен проектормен жабдықталған
- Компьютерлік сыныптар заманауи құрал-жабдықтармен
- 100 орындық жатақхана 2–4 адамға арналған жайлы бөлмелермен
- Асхана пайдалы әрі дәмді тағамдарымен
- Спорт залы және ашық спорт алаңы
- Кітапхана оқу және көркем әдебиеттер қорымен
Тамақ және Көлік
Тамақтану
Лицейде барлық оқушыларға төрт мезгіл тамақ беріледі. Мәзір өсіп келе жатқан балалардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған және әртүрлі тағамдардан тұрады.
Көлік
Жатақханада тұрмайтын оқушылар үшін таңертең және кешке қаланың негізгі аудандарына қатынайтын мектеп автобусы қарастырылған. Қызмет ақылы, орын саны шектеулі. Қызметті пайдалану үшін ата-ана қабылдау бөліміне жүгініп, алдын ала жазылуы қажет. Жатақханада тұрмайтын оқушылар үшін таңертең және кешке қаланың негізгі аудандарына қатынайтын мектеп автобусы қарастырылған.
Күн тәртібінің үлгісі
- 07:00Ояту қоңырауы (жатақхана тұрғындары үшін)
- 08:00 – 08:45Негізгі сабақ
- 08:45 – 09:05Таңғы ас (7–8 сыныптар)
- 09:05 – 09:50Негізгі сабақ
- 09:50 – 10:10Таңғы ас (9–10–11 сыныптар)
- 10:10 – 12:35Негізгі сабақтар (45 минуттық 3 сабақ)
- 12:35 – 13:05Түскі ас (7–8 сыныптар)
- 13:05 – 13:50Негізгі сабақ
- 13:50 – 14:20Түскі ас (9–10–11 сыныптар)
- 14:20 – 16:35Негізгі/қосымша сабақ
- 16:35 – 16:55Түстен кейінгі жеңіл ас (7–11 сыныптар)
- 16:55 – 18:05Үй жұмысы / Үйірмелер / Серуен / Тренинг
- 18:30 – 19:00Кешкі ас (жатақхана тұрғындары үшін)
- 19:00 – 21:00Бос уақыт / Мәдени-спорттық іс-шаралар / Тазалық жұмыстары / Кешкі серуен (жатақхана тұрғындары үшін)
- 21:00 – 21:20Екінші кешкі ас (жатақхана тұрғындары үшін)
- 21:20 – 22:00Ұйықтауға дайындық (жатақхана тұрғындары үшін)
- 22:00Жарық сөндіру (жатақхана тұрғындары үшін)










